"ТӘНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ"
"ТӘНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ"

Қоғамда пандемия жағдайына байланысты салауатты өмір салтын үгіттеу мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, 2021 жыл, сәуір айының 10 күні «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасында инновациялық жобалар шеңберінде  тәрбие іс-шараларын ұйымдастыру бойынша «Салауатты өмір салты» жобасының аясында  «Тәні саудың – жаны сау» - атты республикалық конференция өтті.Конференция ұйымдастырушылары: «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының PhD аға оқытушысы Әлтаева.Н.С және «7M02203 Дінтану» мамандығының 1-курс магистранты Бекетұлы Қуаныш. Іс-шара қонағы: ASTANA ARLANS командасының кәсіпқой боксшысы, 3х дүркін ҚР чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері,қарулы күштер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, WSB тұжырымы бойынша әлем чемпионы  Арман Рысбек мырза болды. 

Аталған іс-шарағаҚазҰУ-нің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы Дінтану мамандығының 3-курс студенттері қатысып, өздерінің тақырыпқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Іс - шара барысында пандемия жағдайын денсаулыққа қалай күтім жасау керек, қандай жаттығулар адамның физикалық формасын ұстап тұруға болатыны айтылды және де бүгінгі Қазақстанның бокс спорт саласының дамуы талқыланды. 

 

www.kaznu.kz  

Бекетұлы ҚуанышБекетұлы Қуаныш
4 года назад 2561
0 комментариев