"Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы ҚР тәжірибесі"
"Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы ҚР  тәжірибесі"

Қазіргі заманда адамзаттың жаһандану мəселелерінің  бірі  ретінде  экстремизмге қарсы күрес болып табылады. Діни негіздегі экстремизм мəдени, экономикалық жəне заңды кеңістіктердегі жаһандану үрдісінің байланысы, бұл объективті үрдіс топтар мен жалпы адамзаттық құндылықтар арасындағы қақтығыстар мен конфликтілерді, əртүрлі мəдениеттегі халықтардың жəне діни наным-сенімдердің наразылығын тудырады. Әлем бойынша діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында қолға алынған шаралардың деңгейі әр түрлі болып келеді.

       Діни экстремизммен күреспес бұрын, оның алдын алудың маңызды екенін айта кеткен жөн. Себебі, діни экстремистік топтардың идеологиясымен теріс жолға түскен адамдардың санасын қайтадан қалпына келтіруге көп күш жұмсалады және көп ретте бұл жұмыстардың нәтижесі өте қиын болады.

    Экстремизм термині латынша сөзбе-сөз(лат. Еxtremus-шеткі) деген мағына береді яғни шектен тыс көзқарастармен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіппен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм бұл əр уақытта əр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс. Оған анықтама беруде эксперттік ортада əртүрлі түсінік бар. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші топ экстремизмді бір сөзбен негативті жəне əлеуметтік қауіпті құбылыс деп бағалайды. Бұл бағытты ұстанушыларды «консерваторлар» деп белгілеуге болады. «Консерваторлар» бағытындағылар негізінен ғылыми академиялық орта, сонымен қоса құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

     Зерттеушілердің бір бөлігі бұл мəселені салыстырмалы түрде, жіктеп қарастыруға тырысады. Оларды шартты түрде «либералдар»деп атауға болады. Либералдар экстремизмді жағымсыз құбылыс деп анықтаудан бас тартады. Мысалы Ресейдің адам құқығы институтының эксперті Лев Левинсон экстремизм бұл əртүрлі құбылыстарды кеңінен алатын іс-əрекеттің мүмкіншілігі. Сондықтан экстремизмге шек қою мүмкін емес. Экстремизм қылмыс емес. Бұған əлемдік марш сияқты ортақ құпталған шеңберден шыққан іс-əрекеттің бəрін кіргізуге болады дейді. Сонымен қоса қоғамдық құрылысқа қарсы құбылыс болса, құқықты шектеуші ретінде анықтау дұрыс емес. Себебі кейбір əлеуметтік наразылықтар да (аштық жариялау, мемлекеттің кейбір қаулыларына қарсылық марштары) қоғамдық қауіпті феномен деп анықталып кетуі мүмкін болар еді.

    Ал, діни экстермизмге анықтама берер болсақ - қоғамда қалыптасқан діни құндылықтар мен ұстанымдарды мойындамау, сонымен қатар осыған қарсы «идеяны» аггресивті түрде насихаттау.

Алайда, «Діни экстермизм» терминінің нақты құқықтық белгіленген «шекарасы» жоқ және ол саяси эксремизм сияқты діни догмалардың арасында қызметін жүргізеді. Діни экстермизмнің көрінісін саяси қызығушылықтарын іске асыру жолындағы, мемлекеттік және халықаралық құқықты мойындамайтын діни ұйымдардардан байқаймыз. Мысалы кейбір ұйымдардың зайырлылықты құптамай шариғи, яғни халифалық билікті қолдауы.

Діни экстремизмнің пайда болуына мына факторлар себеп болады:

Кедейлік – әлеуметтік экономикалық тоқырау, жергілікті тұрғындардың көп бөлігінің өмір сүру деңгейінің күрт түсуі, мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси институттардың деформациясы;

Қысым – саяси режимнің тоталитарлық сипат алуы, биліктегілердің оппозицияны басып тастауы, еркін, жаңаша ойлауды қуғындау, ұлттық қанау;

Әділетсіздік– жеке топтардың өз міндеттерін шешуін жеделдетуі, лидерлердің саяси амбициялары;

Сауатсыздық – қоғамдағы жаппай сауатсыздық, діни сауаттың төмендігі, мемлекеттік білім мәселесіне мән бермеу.

 

Бүгінгі таңда Қазақстан үшін негізгі қауіп факторларының бірі – діни экстремизм. Әлемдегі діни жағдайды бақылай отырып, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл және оның алдын алу Қазақстанда мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып жарияланды. Ол үшін:

  • заңнамалық база жетілдірілді
  • көптеген мемлекеттік бағдарламалар қабылданды
  • осы мәселелерді шешуге уәкілеттік берілген түрлі мемлекеттік және қоғамдық органдар құрылып жатыр.
Экстремизм мен торроризмге қарсы күрес жолында қабылданған заңдар мен бағдарламалар
  • 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды
  • 2006 жылы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясын қабылдады.
  •  «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған бағдарлама»
  • «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы»
  • «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарламасы

Экстремизм мен торроризмнің алдын алу және осы мәселелерді шешу үшін құрылған мемлекеттік және қоғамдық орындар 

  • «Қазақстандағы терроризм мен экстремизм проблемаларын зерттеу орталығы» қоғамдық қоры
  • ҰҚК «ТҚО»

Заңға сәйкес, экстремизм дегеніміз – белгіленген тәртіппен экстремистік деп танылған жеке және / немесе заңды тұлға немесе бірлестік келесі әрекеттер мен мақсаттарды жасауы:

• Конституциялық құрылымды күштеп өзгерту;

• Қазақстан Республикасының егемендігін, тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және оның аумағының бөлінбеуін бұзу;

• мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру;

• билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап қалу;

• Заңсыз әскерилендірілген топтарды құру, оларға жетекшілік ету және оларға қатысу;

• қарулы көтерілісті ұйымдастыру және оған қатысу;

• әлеуметтік, таптық жеккөрушілікті тудыру (саяси экстремизм).

Діни экстремизмнің алдын алу үшін ең бірінші халықтың әлеуметтік эконмикалық жағдайын көтеру және мектептерде дінтану пәндерін білікті мамандар беру керек

Еліміздегі 4000 мыңға жуық діни ағымды зерттеу үшін әлі де психология және зайырлылық ұстанымдарын жақсы меңгерген білікті дінтанушыларды даярлау қажет екендігін сеземіз. 

Елбасымыздың рухани жаңғыру жолдамасын алға қоя отырып дәстүрлі дініміздің белсенділігін арттыру, дін мен дәстүрімізді қайтадан жандандыруды негізгі мақсат ете білу керек.

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Ғылыми жетекші: Бишманов Какимжан Мұратжанұлы PhD доктор, профессор

«Философия және саясаттану» факультеті,

«Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы;

дінтану мамандығының 1-курс магистранты Бекетұлы Қуаныш;

https://www.kaznu.kz/kz

Бекетұлы ҚуанышБекетұлы Қуаныш
4 года назад 4639
1 комментарий