Қоғамда пандемия жағдайына байланысты салауатты өмір салтын үгіттеу мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, 2021 жыл, сәуір айының 10 күні «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасында инновациялық жобалар шеңберінде тәрбие іс-шараларын ұйымдастыру бойынша «Салауатты өмір салты» жобасының аясында «Тәні саудың – жаны сау» - атты республикалық конференция өтті.Конференция ұйымдастырушылары: «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының PhD аға оқытушысы Әлтаева.Н.С және «7M02203 Дінтану» мамандығының 1-курс магистранты Бекетұлы Қуаныш. Іс-шара қонағы: ASTANA ARLANS командасының кәсіпқой боксшысы, 3х дүркін ҚР чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері,қарулы күштер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, WSB тұжырымы бойынша әлем чемпионы Арман Рысбек мырза болды.
Аталған іс-шарағаҚазҰУ-нің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы Дінтану мамандығының 3-курс студенттері қатысып, өздерінің тақырыпқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Іс - шара барысында пандемия жағдайын денсаулыққа қалай күтім жасау керек, қандай жаттығулар адамның физикалық формасын ұстап тұруға болатыны айтылды және де бүгінгі Қазақстанның бокс спорт саласының дамуы талқыланды.